
2025 жылдың 15-16 мамыр күндері Түркістан қаласында, Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Заман мен мəдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтеді.
Халықаралық ғылыми шараға қатысатын әлемнің 15 елінің ғалымдары Киелі Түркістанды бетке алып, жолға шықты.
Халықаралық симпозиумға қатысушы шетелдік ғалымдардың алдыңғы легі Түркістанға келіп жетті.
Олар: Девин ДиУис, ғылым докторы, профессор, Индиана университеті (АҚШ), Муминов Әшірбек Құрбанұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ислам тарихы, өнері және мәдениеті орталығы (IRCICA,Түркия), Сейед Али Муджани Ғоми, Берлиндегі Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Мәдениет бөлімінің меңгерушісі (Иран).
Құрметті қонақтарды Халықаралық Әзірет Сұлтан әуежайынан “Әзірет Сұлтан” Ұлттық музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Дүкенбаев Нұрлан Мұсағалиұлының өзі күтіп алды…