
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді ертең сағат 15:00-де өтетін «Қаратау жауһарлары» атты көшпелі көрмеге шақырамыз!

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының «Жұма мешіті» музейінде Кентау қалалық музейінің ұйымдастыруымен өтетін бұл көрме Қаратау өңірінің бай табиғи-геологиялық мұрасын кеңінен таныстыруға арналған. Айта кетейік, «Жұма мешіті» музейі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында орналасқан.

Көрме барысында Қаратау жотасынан табылған минералдар мен кен орындарының үлгілері көпшілік назарына ұсынылып, олардың шығу тегі мен ерекшеліктері жөнінде ғылыми-танымдық мәліметтер беріледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты:
– Қаратау жотасының геологиялық және табиғи мұрасын насихаттау;
– Кентау өңіріндегі кен байлықтары туралы ғылыми-танымдық ақпарат ұсыну;
– Жастардың табиғатқа, тарих пен экологияға деген қызығушылығын арттыру;
– Минералдардың шығу тегі мен ерекшеліктерін көпшілікке таныстыру;
– Музей ісін дамыту және мәдени байланыстарды нығайту.

Баршаңызды танымдық әрі мазмұнды көрмеге қатысуға шақырамыз!
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы.