БОЛАТ ХАН ТӘУКЕ ҰЛЫ

Болаттың туылған жылы белгісіз, шамамен 1723/24 жылы қайтыс болған. Билік құрған жылдары шамамен 1712–1723/24 жылдар арасы. Тарихи деректерде есімі Булат, Полат, Пулад, Пулат (Ерофеева, 2001: 76) үлгілерінде кездеседі. Болат Жәнібектің ұлы Жәдіктен тарайтын қазақ хандарының әулетіне жатады. Тәуке ханның ұлы, Жәңгір ханның немересі. Болат хандық билікті мұрагерлік жолмен өз әкесінен иеленді. Оның билігі Орта жүзге қарасты кейбір руларға: арғын, қыпшақ, уақ және наймандардың ішіндегі кейбір руларға жүрді. Тарихи деректерде Болат ханның нақты қай руларға және Қазақстанның қай аймақтарында билік еткені туралы мәліметтер кездеспейді. Тарихи деректерде оның ұрпақтарынан тек Әбіл сұлтан (Әбілмәмбет) ғана (1739 жылдан бастап хан атанған) белгілі (Ерофеева, 1997: 76, 111). Тәуке хан 1715 жылы дүние салып, Қайып хан аға хан мәртебесіне көтерілгеннен кейін, шамамен «Ақтабан шұбырынды…» басталған жылға дейін, Орта жүз аумағында Тәукеұлы Болат хан, одан оның інісі Сәмеке хан билік жүргізген. Болат хан Аңырақай шайқасы кезінде, яғни 1729–1730 жылдардың бірінде өмірден өтті.

Алдыңғы ақпарат

ТҰРСЫН ХАН ҚҰДАЙМЕНДЕ

Келесі ақпарат

ӘБІЛМӘМБЕТ ХАН БОЛАТ ҰЛЫ