«Бабалар рухына 100 Құран хатым»

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи Кесенесінде «Бабалар рухына 100 Құран хатым» рәсімі болып өтті. Рухани шараның ұйымдастырушысы: Түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы».
Рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков , ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қатысты.
Осы рәсім аясында дін қайраткерлері Қожа Ахмет Ясауи қабірін арнайы зиярат етті. Құран оқып, баба рухына бағыштады.
Алдыңғы ақпарат

«БІЗ ҚАЗАҚ ДЕГЕН…»

Келесі ақпарат

«Сияри нәби»