Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді.

Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қаладағы қарттарға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне экскурсия жүргізіліп, қасиетті тұлғалардың рухына құран бағышталды.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне келушілер мен туристерге қызмет көрсету, бабалар мұрасын күтіп, сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берген қариялар ақ баталарын берді.

Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков қарияларға кесене тарихы мен тұлғаларға арналған баспа өнімдері және алғыс хат табыс етіп, қашан да музей ісін дамытуға ақыл-кеңес беріп, өз үлестерін қосып жүрген ардақты жандарға алғысын жеткізді.

Алдыңғы ақпарат

Польша Республикасының 1935, 1936 жылдары соғылған екі дана 10 злотыйлары

Келесі ақпарат

«Ясауи мұралары» көрмесі таныстырылды