Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысы болып өтті. Аталған комиссия төрағасы, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е.Қариннің төрағалығымен өткен отырыста «Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Орташа мерзімді стратегиясын іске асыруды бағалау жөніндегі мәселелер» қаралды.
Ұлттық комиссияның бас хатшысы А.Байсабаева «2021-2022 жылдардағы ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі» туралы баяндама жасады.
Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дауешов Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталу жағдайы бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Сондай-ақ отырыста ЮНЕСКО-мен жаратылыстану ғылымдары саласы, әлеуметтік ғылымдар, мәдениет, ақпарат және коммуникация салалары бойынша ынтымақтастық мәселелері жөнінде тиісті тұлғалар презентация жасады…
Алдыңғы ақпарат

«Ясауитану-2023» байқауының қалалық іріктеу кезеңі болып өтті

Келесі ақпарат

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматы және Түркістан облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жиын өткізді