МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

⚜️ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
🔹«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінде балаларға арналған «Ясауи атамыздың шын қазынасы» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Шараны музей-қорық басшысы ашып, жобаның маңызын атап өтті.
🔹Іс-шарада музей-қорық директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков, ясауитанушы ғалым Досай Кенжетай, археолог-ғалым, музей ардагері Марат Тұяқбаев, Turkistan TV телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық хабарлар дирекциясының директоры Ғани Қалмаханов және ҚР құрметті журналисі Роза Нарымбетова сөз сөйлеп, туындының тәрбиелік мәніне тоқталды.
🔹Анимациялық фильмнің авторы – Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Сұлтан Байсейіт. Туынды орталықтың Ғылыми жарияланымдар және медиакоммуникация бөлімі қызметкерлерінің бірлескен еңбегі нәтижесінде дүниеге келді.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.
Алдыңғы ақпарат

АСТАНАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ТӨРІНДЕ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының «Ясауитану» ғылыми орталығы ұйымдастыратын «Темірқазық» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында кезекті ғылыми кездесу өтті.