Айна, ХІІІ ғ.

Айна диаметрі 13 см, сары түсті қоладан жиектері сегізжапырақ  тәрізденіп құйылған.  Ортасындағы сабы сынған, сынған сабтың орны  d-2 см. шамасында. Айнаның адам жүзін  көретін беті сақталмаған, сыртқы жағында сынған сабтың орнын айналдыра, бұлттар  арасында ұшып жүрген екі Қасиетті айдаһар бейнесі бедерленіп салынған. Олардың  төменгі жағына  үш аяқты құрбандық шалатын қасиетті ыдыс «трипод» бейнеленген.

Ғалымдар Оңтүстік Қазақстанда бұрын айдаһар бейнелі айналар кездеспегенін, Е.И. Любо-Лесниченконың «Привозные зеркала Минусинской котловины» деген кітабында  осыған ұқсас ХІ-ХІІ ғғ. тән айна Красноярск өлкетану музейінде сақтаулы екендігін айтады.

Қола айна 1998 жылы Түркістан қаласының «Тоған» қазбасынан табылған.

Алдыңғы ақпарат

«Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

Келесі ақпарат

Үкаша ата кесенесі мен құдығы аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді