Бүгін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы сапармен TIKA Стратегия дамыту бөлімі басшысы Толга Кескин, ұйымның Қазақстандағы өкілі Хикмет Өзденоглу, және Стратегия дамыту бөлімі есепшісі Өзджан Бавлы келді.
Қонақтар баба рухына құран оқып болған соң музей қорығының аумағында орналасқан тарихи нысандармен танысып, кесененің сақталу жағдайына байланысты мәселелер бойынша музей басшылығымен ой алмасты. Сонымен қатар, “Қылует” жерасты мешітінің жаңартылған экспозициясын алдағы уақытта “Әзірет-Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен бірігіп жасауға уағдаласты.