МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Дәурен Абаев президенттік әдеби сыйлық, еңбекақыны көтеру және туризм саласындағы инвестициялық жобалар туралы айтты

Қазақстанда жас жазушылар мен ақындарға арналған арнайы президенттік әдеби сыйлық жарияланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Сыйлық 2023 жылдан бастап, жыл сайын «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» сынды төрт номинация бойынша беріледі. Осынау жоғары марапатқа 18 жастан 29 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар үміткер бола алады.

«Биыл біз әдебиет саласындағы көптеген жобаларға бастамашылық жасадық. Мысалы, «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасының аясында жас авторлардың кітабы 3 мың дана таралыммен шығарылады. Сонымен қатар, «Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығының жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайды. Бұл тізімде ережесі бекітілген президенттік әдеби сыйлық ерекше орын алады. Мұның бәрін мемлекет еліміздің әдебиетшілерін қолдау мақсатында жасап отыр», — деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министрлік жалпы жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын (бес номинация бойынша 16 сыйлық) DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялады. Жоба  эстрададан классикалық шығармаларға дейінгі әр түрлі бағыттағы музыка орындаушыларды қолдауға бағытталған.

Жиында СҚО тұрғындары мәдениет және спорт саласы өкілдерінің еңбекақысын көтеруге қатысты сұрақтар қойды. Министр сабақтан тыс спорттық сабақтарды өткізгені үшін педагогтердің еңбекақысы базалық лауазымдық еңбекақыдан 100% — ға артқанын айтты. Сонымен қатар, 2023 жылы дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер педагогтерінің жыл сайынғы еңбекақысы 100% — ға  өседі. Ал чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларының өмір бойы қамтамасыз етілу мөлшері төрт есе өсті. «Ұлттық» мәртебесі бар бес жетекші мәдениет ұйымдарының қызметкерлерінің еңбекақысы 75% — ға артты. Мәдениет және өнер саласындағы қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушыларының еңбекақысы екі есе көтерілді.

Облыс тұрғындары министрмен өңірдегі туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Мысалы, қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында туризм саласында жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде Имантау-Шалқар курорттық аймағында «Ажар» демалыс базасы толығымен қайта құрылды, ал «Изумрудная» демалыс базасының аумағы кеңейтілді.

Алдыңғы ақпарат

Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды

Келесі ақпарат

Студенттер көрмемен танысты