Студенттер көрмемен танысты

Қараша айының 11 күні Республикамыздың төл валютасы – Теңге күніне орай ұйымдастырылған нумизматикалық және бонистикалық жәдігерлерден құрылған «Теңгелер сыр шертеді» атты көрмесін қаламыздың жоғарғы оқу орындарының студенттері үлкен қызығушылықпен тамашалуда.
Көрме ашылған алғашқы күндері ЖОО тарих мамандығын игеріп жүрген еліміздің болашақ тарихшылары тамашалуға келсе, одан кейінгі күндері басқа да мамандықтарды игеріп жүрген студенттер де қызығушылық танытып, келе бастады. Мысалы бүгін, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде медицина саласын меңгеріп жүрген студенттер көрмені тамашалауға келді. Ол жастар көрмеден еліміздің тарихына, экономикалық, рухани жағдайына қатысты жайттармен бірге өздері меңгеріп жүрген мамандықтарына қатысты сұрақтардың да жауаптарын білгілері келіп, сан сұрақтар қойды. Мәселен, медицина факультетінің студенттері тарихымызда VII-VIII ғасырларда өлке билігі түркі тайпаларының қолына өткен кезеңдер мен XIII моңғол билігіне көшкен өлкенің байырғы тұрғындарының физиологиялық, гендік тұрғыда қаншалықты өзгеріске ұшырады деген сынды сұрақтарды көптеп қойды. Осылайша, жастарымыз өткізіліп жатқан көрме аясында тарих пен биологияның бір саласы болып табылатын генетика ғылымына да қатысты мәліметтер алды.
Алдыңғы ақпарат

Дәурен Абаев президенттік әдеби сыйлық, еңбекақыны көтеру және туризм саласындағы инвестициялық жобалар туралы айтты

Келесі ақпарат

Қазақстанда биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді