Шайбани әулетінің тарихына қатысты оқиғалар баяндалатын ортағасырлық тарихи шығарма «Зубдат аль-асар» («Жылнамалар қаймағы»), Б. Ахмедовтың «Көшпелі өзбектер мемлекеті» кітаптарында Сүйінішқожа хан туралы деректер кездеседі.
Сондай деректің бірінде 1522–23 жылы Ташкент билеушісі Сүйініш-Қожа хан Дешті Қыпшаққа жорыққа шығып, жеңіске жетеді. 1525–26 жылдың қысында Сүйініш-Қожа ханның ұлы, Ташкент билеушісі Келді – Мұхаммед ханнан Түркістан қаласының маңында Тақыр хан тағы да жеңіліс тапқандығы көрсетілген.
Сүйінішқожа хан 1525 жылы қазан-қараша айларының бірінде қайтыс болғандығы құлпытасында жазылған.
Сүйінішқожа хан Әбілхайырұлы құлпытасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында сақтаулы.