МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Елдіктің жеті тұғыры: «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі мен зиялы қауым өкілдері тарихи-танымдық жобалар жасайды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуі мен «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

«Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырмандар залында ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары, журналистер және қорық-музей қызметкерлері қатысты.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған «Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев басқосудың маңызылығына тоқталды.

-«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan»  партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы мен «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы егемен еліміздің өткенін саралап, болашағын нықтау үшін маңызды бағытқа толы. Ендігі жерде мұны тиянақтау және іске асыру, болашақ ұрпақ бойына сіңіру – жаңа буынға жүктелген міндет. Жерімізді, тілімізді, салтымызды сақтау, қадірлеу ұлттық болмысымыз бен тарихымыз үшін айтулы мәнге айналды»,- деді Е.Ботабайұлы.

Дөңгелек үстелге қатысқан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, Түркістан қалалық Мәслихатының депутаты Ғ.Сәрсенбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.Тұрсұн, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, сазгер Б.Сердәлі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қошанова,  философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Д.Кенжетай, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Оспанова, Өзбек этномәдени орталығының төраға орынбасары Р.Қошқаров, «Ясауитану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Мансұров, ғалым С.Абжалов, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Л.Динашева, «Жанубии Қазағистон» газетінің меншікті тілшісі Ш.Мадалимовтер баяндама жасап, әр бағыт бойынша пікірлер қызу талқыға салынды.

Басқосу аясында зиялы қауым өкілдері Елбасының елдікті айқындап, бірлікті бекемдейтін, ұлттық болмысымызды танытатын қағидаттары мен мақалаларына оң ықылас білдіре отырып, аталған бағдарламалардың тарихи сипатын «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен бірлескен жобалар жасау арқылы насихаттап, ұрпақ бойына сіңіруге уағдаласты.

Алдыңғы ақпарат

Қорық-музей басшысы Түркістан қалалық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Келесі ақпарат

«Зер қадірін зергер білер» көрмесі ашылды