«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводтары Д.Садуақасов, Ә.Орынбекова, Г.Жүзбаева және С.Ералиеваға Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Г. Ақпердиеваның алғыс хаты табысталды.
Жаңа жыл қарсаңында жіберілген алғыс хатта Түркістан облысының туристік әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларға белсене атсалысып, рухани мекенге келген туристермен жоғары дәрежеде тиімді жұмыс атқарғаны үшін басқарма басшысының ыстық лебізі білдірілген.
Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Экскурсия және насихат бөлімінде 10 экскурсовод қызмет атқарады. Аталған қызметкерлер қорық-музейге келушілерге 6 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб) экскурсия жүргізеді. Экскурсоводтардың тәжірибесі мен біліктілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар беріліп отырады. Қазіргі таңда, 6 экскурсовод — «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері.