ҚОРЫҚШЫЛАР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің қорықшылары велосипедпен қамтамасыз етілді.
Пайдалы көлік Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған.
Қазіргі таңда қорық-музейдің құрамында 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде 1 ескерткіш халықаралық маңызға ие болса, 21 ескерткіштің республикалық, 7 ескерткіштің жергілікті маңызы бар. Қалған 70 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған. Аталған тарихи-мәдени орындар Түркістан және Кентау қаласына қарасты 12 ауылдық округ аумағында орналасқан. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрамында 10 қорықшы жұмыс атқарады.
Алдыңғы ақпарат

ЭКСКУРСОВОДТАР АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі ақпарат

Күрсі, ХХ ғ.