МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген онлайн отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық  жұмыс тобының кеңейтілген республикалық онлайн отырысы өтті.

Республикалық онлайн шараға Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының  мүшелері және еліміздегі жоғары оқу орындарының ғалымдары  қатысты.

Онлайн іс-шараның мақсаты – әліпбиді жетілдіруге байланысты ғалымдардың ұсыныстарын ортаға салу, пікір алмасу. Оның ішінде кейбір дыбыстардың таңбалануын ғылыми тұрғыдан пысықтау.

Іс-шара барысында жетілдірілген әліпби құрамындағы /у / ı / і / таңбаларының ы, і және й дыбыстарының мәнін берудегі дыбыстық мазмұны талқыланды, ы мен і дыбысын таңбалауда әріптердің тұрқы ұқсас болуы керек деген пікірлер мен й дыбысы үшін y таңбасы алынғаны дұрыс деген уәждер ғылыми талқының негізі болды. Сонымен бірге отырыста жоғарыда аталған таңбалардың дыбыстық мазмұны жеке және өзара сабақтастықта талданып, ғалымдар тарапынан нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Осы онлайн іс-шарадағы пікірлер мен ұсыныстар бойынша алдағы уақытта сараптау жұмыстары жүргізілетін болады.

Алдыңғы ақпарат

Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін халықаралық мәдениет күнімен құттықтады

Келесі ақпарат

Түркістан өлкесіндегі археологиялық зерттеулерге арналған онлайн-дәріс өтті