МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Түркістанда «Диуани Хикмет» қолжазбасы жайлы дәріс өтті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Күнсұлу Әсетова Түркістан қаласындағы №2 Хамза мектебінің оқушыларына Қожа Ахмет Ясауидің даналық кітабы «Диуани Хикмет» қолжазбасы және «Қожа Ахмет Ясауи кесенесің эпиграфикасы» жайлы дәріс жүргізді. Тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегеге, патриоттық сезімге шақыруға бағытталған шара барысында Ахмет Ясауидің атын асқақтатып, күллі дүниеге мәшһүр еткен аса баға жетпес асыл еңбегі «Диуани хикмет» жайлы кеңінен түсінік берілді.

Дәріске қызығушылық танытып, ерекше ықыласпен тыңдаған оқушылар өзіндік сауалдарын қойып, пікірлерін де ортаға салды.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы Қазан төңкерісіне дейін әлденеше рет басылып, жұртшылық игілігіне айналған. Атап айтқанда 1887,1901 жылдары Қазан қаласында, ал 1897 және 1901,1904жылдары Стамбулда өз алдына жеке — жеке кітап болып жарық көрген. «Диуани хикмет», яғни «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы болып табылады.

Алдыңғы ақпарат

ХАН ОРДАСЫ ОРНАЛАСҚАН МАГИСТРАЛДЫ КӨШЕ ТАРИХИ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРАДЫ

Келесі ақпарат

«Еріктілер жылы» аясында «Ізгі амал» сыйлығы табысталды