Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын және президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеуді негізге ала отырып, 31 қаңтар 2020 жылы Түркістан қаласындағы №14 жалпы орта мектебінің 8 «А», 8 «Б» сыныптарымен қатар 4 «Ә» сынып бүлдіршіндеріне «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметерлері «Ұлы дала елінің заңғаы-Абай ақын» тақырыбында лекция және кітап фото көрмесін өткізіп қайтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХІХ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйре¬нуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты»-деп атап өткендей жас ұрпақтарымыздың бойына Абай ілімін сіңірсек деген мақсатпен мектеп оқушыларына дәріс өтуді жөн көрдік. Аталмыш іс-шараға мектеп мұғалімдері, кітапханашы мен мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып қызықты пікірталас өтті. Сонымен қатар оқушылар Абай әндерін хормен шырқап әуелетіп тастады. Жас ұрпақ Абай туындыларын кезекпен кезек таласа мәнермен оқып беріп, көпшілікті қуантты.