Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы) іске асыру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК «Гауһар ана кесенесі (ХІІ-ХIVғғ.)» және «Сауран қалашығы (XIII-XVIIIғғ.)» тарихи-мәдени мұра ескерткіштері аумағында 2019-2020 жылдары туристерге қызмет көрсету үшін «Сапар орталықтарының» құрылысы жоспарланып отыр.
«Сапар орталықтарында» туристерге сапалы қызмет көрсету үшін көрме залдарын орналастыру мен экскурсия қызметін ұсыну жоспарланған.