МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Мәскеу қаласында Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндерінің ашылуына байланысты ТАСС Баспасөз орталығында баспасөз-конференциясы өтті

— Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас өте жақсы дамып келеді. Қазақстанның мәдениет күндерін өткізудегі басты мақсатымыз – ресей жұртшылығын қазақ халқының өнерімен, дәстүрімен, мәдениетімен таныстыру. Ертең ашылатын шара РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында өтіп жатыр, — деді баспасөз-конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, мәдениет күндерінің аясында «Астана опера», «Астана балет» ұжымдары отандық және шетелдік үздік туындыларды орындайтын болады. Бұл ретте «Астана опера» театры тек Мәскеу қаласымен шектелмейтінін айта кету керек.

Біз 20 қазан күні «Санкт-Петербург Опера» сахнасында «Щелковая лестница» операсын қоямыз. Одан әрі 23 қазанда Красноярск мемлекеттік опера және балет театрында П.Чайковскийдің «Евгений Онегинін» сахналаймыз. Араға 2 күн салып, Красноярск өңірлік филармониясында симфониялық бағдарламамызды ұсынамыз. Ал алдағы жылы Ресейдің Большой театрында ұлттық операмыздың жауһары, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын сахналаймыз, — деді баспасөз-мәслихатында «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері 7-11 қыркүйек аралығында өтеді.

Алдыңғы ақпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы

Келесі ақпарат

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері басталды