МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

⚜️ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
🔹«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ардагер қызметкері, музей ісінің білікті маманы Нұржамал Әшірбекова «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров табыстады. Музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов мәртебелі марапатымен құттықтады.
🔹Нұржамал Әшірбекова қырық жылдан астам ғұмырын Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау ісіне арнады. Қарапайым қызметтен бастап бас қор сақтаушы дәрежесіне дейін көтеріліп, музей саласының дамуына елеулі үлес қосты.
🔹Құрметті Нұржамал Әшірбекова, марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық тілейміз.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.
Алдыңғы ақпарат

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы тыңдады.