ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ
23.10.2026
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ
Ясауи музейінде Республика күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Жиында музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов ұжымды мерекемен құттықтап, елдік пен тәуелсіздіктің қадіріне тоқталды.
Мереке қарсаңында бірқатар қызметкер Түркістан облысы мен қала әкімдерінің, сондай-ақ музей-қорық директорының алғыс хаттарымен марапатталды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!