
«ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР» МӘДЕНИ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күніне орай «Қазыналы қариялар» атты мәдени іс-шара өтті. Тағылымды жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ақсақалдар және музей саласының ардагерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өнегелі өмірі мен еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Мерекелік бағдарлама барысында өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, оқушылар мәнерлеп өлең оқып, ақындар арнау айтты.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.