МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге»

⚜️ «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге»
🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінде «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мәдени іс-шара өтті.
🔹 Шараға Түркістан қаласындағы мектептердің әкімшілік өкілдері мен педагогтер қатысып, музейдің мәдени-ағартушылық жобаларымен танысты. Музей-қорық директорының орынбасары Сұлтан Темірлан белсенді мектеп директорларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
🔹 Кездесу барысында бірқатар ұстаз «Ясауитану клубына» қабылданып, қонақтарға музей бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. «Ясауитану» ғылыми орталығы кітапханасының ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті. Сондай-ақ балалар шығармашылығының көрмелері ұсынылды.
🔹 Іс-шара музей мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, тарихи-мәдени мұраны білім беру үдерісінде насихаттауға бағытталды.
Азамат Әлібек,баспасөз хатшысы.
Алдыңғы ақпарат

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Келесі ақпарат

«ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР» МӘДЕНИ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ