
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығын “Voice of Turan” қатысушылары тамашалады

25–27 қыркүйек аралығында Түркістанда VII халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері фестивалі өтеді. Фестивальге әлемнің 20-ға жуық елінен кәсіби орындаушылар қатысып, қазақ әндерін орындайды.

Фестиваль аясында шетелдік және отандық өнерпаздар «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына арнайы келіп, Түркістанның тарихи-мәдени мұрасымен танысты.

Музей-қорық ұжымы өнер мен мәдениетті тоғыстырған халықаралық қонақтарды әрдайым қуана қарсы алады.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы