МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы Дуньхуан академиясымен ынтымақтастық орнатты

⚜️ «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы Дуньхуан академиясымен ынтымақтастық орнатты
🔹 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қытай Халық Республикасының Дуньхуан қаласында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Нұрлан Дүкенбаев пен Сәулет және реставрация бөлімінің басшысы Сәдуақас Агитаев «Қытай мен Орталық Азия арасындағы Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қорғау» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты.
🔹 Халықаралық семинар аясында Нұрлан Дүкенбаев Дуньхуан академиясының басшылығымен кездесіп, мәдени мұраны сақтау мен зерттеу бағытындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Дуньхуан академиясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
🔹 Келісімнің негізгі мақсаты – мәдени мұраны қорғау, ғылыми зерттеулер жүргізу, мамандар даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді әріптестікті орнату.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.
Алдыңғы ақпарат

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МУЗЕЙ-ҚОРЫҚ ҰЖЫМЫ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Келесі ақпарат

БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ