
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МУЗЕЙ-ҚОРЫҚ ҰЖЫМЫ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Гаухар ана визит орталығы аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Ұлттық музей -қорық басшылығы бастаған ұжым айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Сенбілік аясында орталық маңындағы шөптер орылып, жапырақтар жиналып, аумақ тазаланды.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.