
«ҚАУЫРСЫН ЖҮРЕК ЖЫРЛАРЫ» САЗДЫ-ЛИРИКАЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Креативті жастар» клубының ұйымдастыруымен күзгі маусымның ашылуына арналған «ҚАУЫРСЫН ЖҮРЕК ЖЫРЛАРЫ» атты сазды-лирикалық кеш өтті. Кешті музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов ашып берді.

Кеш аясында музей-қорық кітапханасынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиет пен өнерді ұштастырған тағылымды бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.

Тағылымды кешке елімізге танымал ақындар мен мәдениет саласының өкілдері қонақ боп қатысып, өздерінің өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Музей-қорық қызметкерлері де өнерлерін ортаға салды.

Шараға ақындар, сазгерлер, күйшілер, зиялы қауым өкілдері, музей және мәдениет саласының мамандары, шығармашыл жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ашық аспан астында өткен сырлы кеште әсем ән мен жүрекке жетер жыр, нәзік сезім мен көркем көңіл күй тоғысты.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.