⚜️ «Арқаның асыл мұрасы» көшпелі көрмесі ашылды
🔹 Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған «Арқаның асыл мұрасы» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.
🔹 Шарада музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы Ержан Найманбай және белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Тұяқбаев сөз сөйлеп, музейлер арасындағы мәдени байланыстың маңызын атап өтті.
🔹 Көрменің мақсаты – Сарыарқаның сан ғасырлық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттап, өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту.
🔹 Экспозициядан қола дәуірі, ерте темір дәуірі және орта ғасырларға тиесілі археологиялық жәдігерлер, сондай-ақ Қарағанды қаласының қалыптасу тарихы, көмір өндірісінің дамуы мен алғашқы геологтар және кеншілердің еңбек құралдары ұсынылған.
🔹 Көшпелі көрме екі апта бойы келушілер назарына ұсынылады.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.












