МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Көгілдір күмбез астындағы қала» көрмесіне шақырамыз!

2026 жылғы 10 сәуір күні Өзбекстан Республикасының «Самарқанд» мемлекеттік музей-қорығында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұымдастыруымен «Көгілдір күмбез астындағы қала» атты көрме өткізіледі.

Көрменің негізгі мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі архитектурасының тарихи маңызы мен бірегей құрылымдық ерекшеліктерін кеңінен таныстыру. Экспозиция барысында кесененің бір күмбездің астында әртүрлі мақсатта пайдаланылған бөлмелерден тұратын күрделі сәулеттік кешен екендігі айқындалады.

Атап айтқанда, Үлкен Ақсарай бөлмесі – хандардың бас қосып, кеңес өткізетін резиденциясы ретінде, Мешіт бөлмесі – зияратшылардың ғибадат ету орны ретінде, ал Асхана мен Құдықхана бөлмелері – ғұрыптық ас пен су таратуға арналған кеңістіктер ретінде қызмет атқарған. Бұл өз кезегінде кесененің тұтас бір шағын қала іспетті бірегей композицияда салынғанын көрсетеді.

Көрмеге музей-қорық қорынан барлығы 56 жәдігер ұсынылады. Оның ішінде 29 жәдігер қосалқы қордан алынған макеттер мен фотоматериалдар да көрермен назарына ұсынылады.

Аталған көрме келушілерге тарихи-мәдени мұраның құндылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгілерін жан-жақты таныстыруға бағытталған.

Г.Джузбаева, көрме ұйымдастырушы.

Алдыңғы ақпарат

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Келесі ақпарат

Самарқандта «Көгілдір күмбез құпиясы» көрмесінің ашылуы өтті