МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті

🔹Ясауи музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кезекті түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
🔹Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, адалдық пен ашықтық қағидаттары сенімді қоғам қалыптастырудың басты негізі ретінде айқындалды.
🔹Іс-шарада сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрбір қызметкердің кәсіби әрі азаматтық міндеті екені атап өтілді. Музей-қорық қызметкерлеріне заң талаптары кеңінен таныстырылып, өз қызметінде заңдылық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы ерекше назарға алынды.
Т.Сырлыбек, заңгер.
Алдыңғы ақпарат

Кеңес дәуірі зерттеулеріндегі Ахмад Йасауи және «Диуан-и хикмат»

Келесі ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – басты назарда