
Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жиын аясында тақырыпқа сәйкес арнайы бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.