
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күнін ерекше мазмұнда атап өтті.

«Ұлттық ойын – ұлы мұра» тақырыбында өткен іс-шара музей-қорық қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұлттық спорт пен ойын түрлерінен өткен жарыстарда қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын, күш-жігері мен батылдығын паш етіп, өзара ынтымақ пен достықты нығайтты.

Сайыс бағдарламасына қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше түрі енгізілді:
– Тоғызқұмалақ (ерлер/әйелдер)
– Асық ату
– Садақ ату (ерлер/әйелдер)
– Гир көтеру (ерлер)
– Ләңгі (ерлер)
– Қол күрес (ерлер/әйелдер)
– Арқан тарту (ерлер)
– Бес тас (шекемтас) (әйелдер)

Аталған іс-шараның тәрбиелік мәні зор. Ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы ата-баба мұрасын ұлықтау, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру – басты мақсаттардың бірі.

Іс-шара соңында «ЦентрКредит Банк» АҚ-ның өкілі Сәуле Жоламановна мен музей-қорық директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков сөз сөйлеп, жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттады. Жарыстың бас демеушісі – «ЦентрКредит Банк» АҚ. Жеңімпаздар банк басшылығы тарапынан арнайы сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтуіне зор үлес қосқан «ЦентрКредит Банк» АҚ басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
А. Әлібек, баспасөз хатшысы.