«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күнін ерекше мәнде атап өтті.
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен рухани-мәдени мұрасын жаңғыртып, ұлттық болмысты айшықтайтын киім үлгілерін ұлықтауға арналған тағылымды мереке. Іс-шара барысында музей-қорық қызметкерлері қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, олардың тарихи мәні мен эстетикалық ерекшеліктерін кеңінен насихаттады.
Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет қалыптасып, төл мәдениетімізге деген қызығушылық арта түсері анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі