МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Шаңырақ күні құтты болсын!

Құрметті отандастар!

Сіздерді «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы атынан «Шаңырақ күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

Шаңырақ – қазақ халқы үшін отбасының, бірліктің, татулық пен берекенің киелі нышаны. Бұл күн – әрбір шаңырақтың шаттығы мен тыныштығын, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық құндылықтарымыздың беріктігін айшықтайтын ерекше мереке.

Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, өзара түсіністік пен мейірім тілейміз. Отбасыларыңыз әрдайым қуанышқа, жылылыққа толы болып, ел іргесі берік, бірлігіміз нығая берсін!

Ізгі тілекпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы

Алдыңғы ақпарат

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні құтты болсын!

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТА ҚАЛАЛЫҚ «МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ