Түркістан облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, тізімнен шығару, монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары, археология ескерткіштерінің қорғалу мәселелері қаралды.
Ұсыныс ретінде музей-қорық атынан т.ғ.к, археолог М.Тұяқбаев Сауран қалашығындағы Намазгах мешіт орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу бойынша әзірленген ғылыми жобаны ұсыныс ретінде таныстырды.
Аталған жиынға комиссия мүшесі ретінде “Әзірет Сұлтан” Ұлттық музей-қорығы тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің басшысы А.Кәрім, сондай-ақ
аудан, қалалардың жауапты әкім орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен мамандары қатысты.