МАҢЫЗДЫ :

nothing found

МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ғылыми зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Т.Оразов 21 мамыр – Мәдениет және өнер қайраткерлері күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның қолынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісімен марапатталды.
Талғат Болатұлы музей-қорықта 2008 жылдан бастап түрлі қызметтерде өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігін таныта білген маман. Жұмысын музей қараушы болып бастаған маман, одан әрі экскурсовод, бүгінгі таңда кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады.
​Әріптесімізді «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісін алуымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысында бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әріптестік тілектестігімізді білдіреміз.
Б.Байбол
Бөлім басшысы
Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жылжымалы көрмесі өз жалғасын табуда

Келесі ақпарат

«БАЛҒЫН БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШЫҒЫМЫЗ» ШАРАСЫ ӨТТІ