МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жылжымалы көрмесі өз жалғасын табуда

М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектепте «Түркістан облысындағы қасиетті жерлер» тақырыбында жылжымалы көрме өткізілді.
Қазақстан ертеден келе жатқан тарихы бар киелі жерлерге өте бай. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында 100-ден аса нысан киелі жер ретінде тізімге алынған.
Көрменің мақсаты — осы жобаға енген рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі болып табылатын бірнеше діни сәулет ғимараттары, қалалар, елді мекендер, қорғандармен таныстыру болып табылады. Оның ішінде әртүрлі өңірде орналасқан, ерекше таны­малдылыққа ие, осы күнге дейін жақсы сақталған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Созақтағы Ысқақ баб, Баба Түкті Шашты Әзіз кесенелері, Сайрамдағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері, Отырардағы Арыстанбаб кесенесі таңдалып алынып, музей-қорық қорындағы фото-картиналар арқылы оқушыларға таныстырылды.
Көрме соңында оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Алдыңғы ақпарат

«Музей түні» шарасы басталды

Келесі ақпарат

МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН