МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ЖИЕНІ ЖҮСІП АТАНЫҢ ШЕЖЕРЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛЖАЗБА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның шежересіне байланысты қолжазба келіп түскен. Бұл қолжазба бұрын сонды айтылмаған деректермен маңызды. Қолжазбаның ұзындығы – шамамен 3,5. Сақталуы орташа деңгейде.

Тарихи қолжазбада Жүсіп ата Қожа Ахмет Ясауидың хемширесі, яғни сүт бауыры Биби Хубра ханымның баласы деп келтірілген. Сонымен қатар, Жүсіп атаға «Ғашық ата» деген лақап атты Ахмет Ясауидің бергендігі туралы жазылған.

Хазірет Жүсіп Ата кесенесі Түркістан қаласынан Оңтүстік шығысқа қарай 22 шақырым жерде, Түркістан-Шымкент күре жолының бойында, Иқан ауылында орналасқан.

Шежіредегі мәтінге зер салсақ,  Жүсіп Ата Қожа Ахмед Ясаудің күйеу баласы Хазрет Абдулла шурида (тақсыр) мен Биби Хубраның баласы болып келеді. Қожа Абдулла Ясауидің қарындасын өзіне жар етіп алу үшін барғаны және олар қалай қабыл етіп қарсы алғаны жайлы баяндалады. Сонымен қатар  бұл жиында адам саны өте көп болғаны, кімдер келгені жайлы жазылады. Тоқсан тоғыз  мың машайық  жиналып, мың-мың Падша-Зада басшылар, мың  сайыдзада патша- задалардың  өкілдері және де мыңдаған  аулие-задалар қатысқаны жайлы жазылған. Тоқсан тоғыз мыңнан асқан  жиналған қауым жақсы лебіз тілектерін тілеп, барлығы жақсы сөз айтып, жақсы тілек, дұғалар тілеп, неке суы ішілгені, неке оқылғаны жайлы жазылған. Хазрет Абдулла шурида мен Бибихубрадан Хазрет Ғашық Жүсіп ата туылғаны жайлы жазылған. Сонымен қатар мұнда Хазрет Ғашық Жүсіп Атаның Хазрет Омардан р.ғ. таралғаны жайлы, анадан Хазрет Алиден р.ғ. таралғаны жайлы тың деректер келтірілген.

Күнсұлу Әсетова, экскурсовод.

Алдыңғы ақпарат

АРҒЫН БЕРТІС БИ (БЕРДІБЕК) ШАНШАРҰЛЫ (1633–1707 жж.)

Келесі ақпарат

«ТЕҢГЕ. ҒАСЫРЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ