«ТЕҢГЕ. ҒАСЫРЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2023 жылдың 15 қарашасы күні Ұлттық валюта-теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толуына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Теңге. Ғасырлар сабақтастығы» тақырыптық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрмеде Қазақ жеріндегі ақша айналымының тарихынан сыр шертетін көне жәдігерлер, «Әзірет Сұлтан» музей қорында сақталған тәуелсіз Қазақстанның төл теңгелерінің үлгілері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынған коллекциялық және инвестициялық монеталары назарларыңызға ұсынылатын болады.

Көрменің мақсаты — қазақ жерінде ерте кезеңдерден айналымда болған ақшалардан бастап, тәуелсіздігіміздің жаршысы болған теңгелердің 1993 жылғы ең алғашқы үлгілері мен бүгінгі таңға дейінгі даму тарихымен таныстыру.

Көрмеде әзіргі таңда әлемдегі жалғыз үлгісі ғана белгілі болып отырған Шыңғыс хан атымен Самарқанда соғылған алтын динар, Түркістан қала жұртында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған ең көне монета — Кушан патшалығының қола тиыны мен Қазақ хандығына қатысты бұған дейін белгісіз болып келген тың жаңалық — Жәңгір хан атымен соғылған мыс ақша, т.б. құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады.

Көрменің 2-ші бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен «Әзірет Сұлтан» музей қорығында сақталған Қазақстан Республикасының төл валютасы – теңге үлгілері арқылы теңгенің  шығу және даму тарихы жайлы сыр шертеді.

Басталу уақыты: сағат 11.00-де.

Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының Түркістан тарихы музейі.

Келіңіздер, көріңіздер!

Алдыңғы ақпарат

АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ЖИЕНІ ЖҮСІП АТАНЫҢ ШЕЖЕРЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛЖАЗБА

Келесі ақпарат

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ 30-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ