Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
Аида Ғалымқызы бұл саланы жақсы білетін тұлға. Мемлекетіміздің мақтанышы, бүкіл түркі әлемінің рухани ордасы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен де етене таныс. Және қандай қызметте жүрсе де Әзірет Сұлтанға құрметін, оның кесенесіне жанашырлығын көрсетіп келе жатқан азамат.
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ұжымы Аида Ғалымқызын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтай отырып, еліміздің мәдениет, ақпарат саласын Жаңа Қазақстан қағидаларына сай көркейтуге тілектестік білдіреді.