«Шайхым Ахмет Ясауи» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды

Қыркүйек айының 8-10 күндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Шайхым Ахмет Ясауи» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрме Түркістан облысының 5 жылдығына арналған «Музейлер шеруі» кеңейтілген көшпелі көрме аясында келушілерге қызмет көрсетті. Музей қорында сақталған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың және оның шәкірттері мен ізбасарларының жазба мұралары, Түркістан қаласы мен кесене тарихынан сыр шертетін аса құнды археологиялық және этнографиялық жәдігерлер мен картиналар көрермен назарына ұсынылды.
Көрменің басты мақсаты — «Түркістан пірі», «Әулиелер Сұлтаны» деген аттармен белгілі болған Қожа Ахмет Ясауидің және шәкірттерінің еңбектерімен, киелі қаламыздың көне тарихымен жұртшылықты таныстыру болатын. Алғашқы күннен – ақ көрме жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.
Көрмені облыстық және қалалық мәдениет саласының ардагерлері, қала ақсақалдары және облыс, қала мекемелерінің, ЖОО басшыларымен қатар мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары аса қызығушылықпен тамашалады.
Алдыңғы ақпарат

Мәдениет және ақпарат министрі тағайындалды

Келесі ақпарат

ҚАҚПА ЕСІКТЕГІ БЕЛГІСІЗ ЖАЗБА