МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Өлкетану — құндылыққа бағытталған білім

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар Сауран қалашығында Түркістан облысы, Сауран аудандық тарих пәні бойынша әдіскерлері мен мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Өлкетану — құндылыққа бағытталған білім» семинарының далалық жұмыстары аясында мектеп оқушыларымен ашық аспан астында сабақ өткізілді. Аталған іс-шараға «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ғылыми қызметкері Динара Арынова қатысып, «Мектептегі музей жұмыстарын үйлестіру» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың мақсаты: туған өлкенің бай тарихын білуге деген оқушылардың құштарлығын ояту және көне тарихи жәдігерлерімізді көздің қарашығындай сақтай білетін елжанды тұлғалар қалыптастыру.
Алдыңғы ақпарат

ТҮЙМЕЛЕР. Х-ХІІ ғғ.

Келесі ақпарат

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАР