ТҮЙМЕЛЕР. Х-ХІІ ғғ.

Түймелер — киімнің алдын (өңірін) айқастырып түймелеуге арналып жасалған, ретіне қарай түйме тұмар қызметін де атқарған.

Музей қорына қабылданған түймелердің ішінде Қаратөбе қазбасынан табылған көлемдері шамалас 3 түйменің біріншіс, диаметрі 2,5 см, биіктігі 5 мм, тесігінің диаметрі 1,1 см. болып келсе, қалған екі түйменің d-1,7-1,3 см. һ-0,5-1,1 см. тең болып келген. Түймелердің екеуінің жоғарғы және төменгі жиектерінің айналасына екі қатар болып сақина тәрізденген сызық түсірілсе, үшіншісіне дөңгелектер қосақталып түсірілген. Олардың екі аралықтарының нақ орталарына алты сыңар мүйіз оюы түсірілген. Мұндай түймелердің Х-ХІІ ғғ. құрылыс қабаттарынан табылуы сирек жағдай емес, олар Орта Азия қалаларындағы қазбалардың төменгі қабаттарынан да кездескен. Мәселен, Ташкент оазисіндегі Қанқа қаласынан жүзік түріндегі қалыңдығы 0,3 см. диаметрі-1,3 см. тең сүйектен жасалған түймелер табылған. Олардың жиектеріне қос дөңгелектер нүкте түрінде түсірілген. Осы түймеге ұқсас түймелер Отырар оазисіндегі Құйрықтөбе қазбасынан да табылған.  Түймелер ХІІІ-ХІV ғғ. шамасы деп мерзімделген.

Орта ғасырларда адамдардың киіміндегі түймесіне қарап, кісінің бай немесе кедей екенін анықтауға болатын болған. Түймелер піл сүйегінен, тасбақаның қабығынан, сондай-ақ, қымбат бағалы тастардан жасалған. Францияда түймені фарфордан жасады. ХVІІІ ғасырда Богемияда әйнек түймелер жасап шығарылды. ХІХ ғасырдың басында Европада папье-машьеден жасалған түймелер тек сәндік киімдерге ғана тағылды. ХХ ғасырда күнделікті киетін киімдерге пластмасса түймелер қолданылды, киімнің матасымен қапталған түймелер де ерекше сәнге айналды. Түймені ағаштан, теріден, әйнектен, перламутрдан, металдан да жасады. Металл түймелер ұзақ уақыт бойы, кейде  тіпті, ақша орнына да қолданылды. Алтын, күміс, мыс, мырыштан да түймелер жасалды. Бұл түймелерді музей қорына 2008 ж. Түркістан археологиялық экспедициясының басшысы Е.Смағұлов өткізген.

Алдыңғы ақпарат

Түркістандағы алғашқы хан ордасы

Келесі ақпарат

Өлкетану — құндылыққа бағытталған білім