МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қылует сөзінің терминдік анықтамасы

«Халуат — خَلْوَة» сөзі арабтың خلو етістігінен туындап, жалғыз қалу, оқшаулану, құпиялану деген мағыналар береді. Бұл сопылық терминнің араб тілінде қолданыстағы тағы бір мағынасы, خِلْوة — Хилует сөзі, еркін, бос деген мағына береді. Яғни сопылық жолға түскен адамның дүнияуи күйбеңнен ада болып, еркін адам ретінде Алламен байланысқа түсуі.
Кейіннен бұл үрдіс сопылықтың негізгі шарттарының біріне айналады деген пікірлер де бар. Алайда, ҚЫЛУЕТ сөзінің оқшаулану, жеке қалу деген мағыналарының сопылықтың басты принциптерінің бірі — қоғамнан оқшауланып (белгілі бір уақытқа), жеке қалып, барлық дүнияуи болмыстан азат күйде өз «мені» мен өз «меніндегі» тылсымды танып, Аллаға қауышудың жолын табуға тырысуы, сол арқылы өз рухын жетілдірудің дара жолы екендігін аңғаруға болады.
Толқын Жолдасов, қор сақтаушы.
Алдыңғы ақпарат

2023 жылы үш визит — орталықтың құрылысы аяқталады

Келесі ақпарат

ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ НАСИХАТТАЛДЫ