ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

2023 жылдың 13 ақпан күні қаламыздағы №21 М.Пошанов атындағы жалпы орта мектебінде «Ұлттық құндылықты дәріптеу — ұрпаққа мұра» тақырыбында мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды. Онда халқымыздың сан ғасырдан бері тұрмыс-салтында пайдаланған этнографиялық мұралары насихатталды.
Шара аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ХІХ ғасырдың күмістен жасалған зергерлік бұйымдарын, оның ішінде қыз-келіншектердің күнделікті пайдаланған әшекейлерін таныстырды. Көрме экспозициясына жүзіктер, білезіктер, қапсырмалар, өңіржиектер, шолпылар, тұмарлар, сырғалар, шашбаулар, шашсабақтар қойылды.
Алдыңғы ақпарат

Қылует сөзінің терминдік анықтамасы

Келесі ақпарат

ҒАШЫҚ ЖҮСІП АТА