МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ортеке» биі мен Қожанасырдың ауызша фольклоры ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілді

Марокконың астанасы Рабат қаласында бүгін, 1 желтоқсанда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 17-ші сессиясында қазақтың «Ортеке – қазақтың дәстүрлі орындаушылық өнері: би, қуыршақ және музыка»;«Қожанасырдың әзіл әңгімелері» элементтері Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Аталған сессияда Комитет 46 номинацияны қарастырып, олардың 20-сы ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілді, оның ішінде «Ортеке» биі мен Қожанасырдың әзіл әңгімелері.

Ортеке – қуыршақ музыкантына бір жіппен байланған тау ешкісінің ағаш мүсіншесін қолданатын музыкалық-қуыршақ өнері. Қазіргі уақытта түріктердің бұл ежелгі өнері қуыршақ-музыкалық мәртебеге ие, өйткені мұнда көркем шығармашылықтың бірнеше түрлерінің синтезі байқалады: сәндік-қолданбалы өнер, музыка, би және қуыршақ жүргізу өнері. Ортеке жай ғана би емес, көрермендердің көз алдында өрбіген тұтас оқиға.

«Қожанасырдың әзіл әңгімелері» элементін Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан бірлесіп енгізді.

Қожанасыр немесе Қожа Насреддин – Шығыс фольклорлық кейіпкері, қысқа әзіл-сықақ және сатиралық миниатюралар мен әзіл әңгімелердің, кейде тұрмыстық ертегілердің кейіпкері. Ол анти-қаһарман, қаңғыбас, еркін ойшыл, бүлікші, ақымақ, диуана, айлакер, алаяқ және тіпті философтың ішкі қайшылықты бейнесін біріктіреді, адамның зұлымдықтарын, сараңдарды, арсыздықтар мен екіжүзділерді мазақ етеді.

ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізімінеосыған дейін 11 элемент енгізілген, оның ішінде төртеуі ұлттық қазақ мәдени мұрасына қатысты: «Қазақтың дәстүрлі домбырада күй орындау дәстүрі» (2014), «Қазақ күресі» (2016), «Асық ату ұлттық ойыны» (2017), «Қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері» (2018).

«Киіз үйді жасау» (2014), «Айтыс өнері» (2015), «Наурыз» және «Қатырма» (2016), «Қорқыт ата мұрасы» (2018), «Тоғызқұмалақ» (2020) және «Құсбегілік» (2021) секілді ұлттық элементтер бірнеше елдің ортақ мәдени мұрасы ретінде енгізілді.

Алдыңғы ақпарат

ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ МУЗЕЙ КӨРМЕСІМЕН АШЫЛДЫ

Келесі ақпарат

Болгариядан келген әнші Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалистер байқауының жеңімпазы атанды