ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ МУЗЕЙ КӨРМЕСІМЕН АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы 2022 жылдың 28 қараша күні Түркістан қаласы Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясында «Қасиетті Түркістан» атты көрмесін ұйымдастырды.
Көрме тарих апталығы аясында ұйымдастырылып, оған 1000-нан аса оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Көрме экспозициясына Қожа Ахмет Ясауидің және оның ізбасраларының қолжазба кітаптары, Әмір Темірдің кесенеге сыйға тартқан ортағасырлық ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері — лауха, есіктер, тайқазанның көшірмелері, музей қорындағы этнографиялық бұйымдар мен жиһанкез А.Кунның 1871-1872 жж. түсірілген «Түркістан альбомында» жарық көрген шаһардың, киелі кесененің бірегей фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.
Тарих апталығының ашылуы «Қасиетті Түркістан » көрмесін тамашалаумен басталды. Қалалық адами әлеуетті дамтыу бөлімі бастаған, қаладағы әр мектептен келген тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушыларына музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Т.Оразов көрменің экскурсиясын жүргізді. Апталықты ұйымдастырушы Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының директоры Р.Урумова музей әкімшілігіне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да музей педагогикасына қатысты жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Алдыңғы ақпарат

Шертпе күй орындаушылары арасында республикалық жарыс өтеді

Келесі ақпарат

«Ортеке» биі мен Қожанасырдың ауызша фольклоры ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілді