Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймыз.

Мәдениет – халықтың рухани жаны, өнер – ұлттың өркениеттік айнасы. Сіздер осы салада еңбек етіп, ұлт руханиятының шамшырағына айналып отырсыздар. Тарих пен өнерді ұлықтап, елдің өткені мен бүгіні арасын жалғап, болашаққа жол сілтеп келесіздер.

Сіздердің әрбір еңбектеріңіз – ұлттық болмыстың сақталуына, төл құндылықтарымыздың кеңінен насихатталуына қосылған өлшеусіз үлес. Осы игілікті істеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және мызғымас рух тілейміз.
Ізгі тілекпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы.