«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Нұрболат Ахметжанов музей саласында еңбек етіп жүрген ардақты аналар мен аяулы аруларды құттықтады.

-«Әйел-аналар барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ардақты жандардың табиғаты – тұтас құдіретке толы дүние. Сіздерді көктеммен бірге келген мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңыздан бақыт, жүздеріңізден қуаныш, еңбектеріңізден табыс кетпесін»,-деп жүрекжарды құттықтауын жеткізген Нұрболат Қадырұлы қорық-музей жұмысын жандандыру бағытында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Шара аясында ұжымның ер-азаматтары да құттықтауларын жеткізіп, арнау өлеңдерін оқыды.

Алдыңғы ақпарат

№16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде лекция өтті.

Келесі ақпарат

Қорық-музейге қарасты Экскурсия және насихаттау бөлімі қызметкерлерінің жұмысы